«Алау» әскери-спорттық ойынның облыстық кезеңін қорытындылау туралы ақпарат

«Алау» әскери-спорттық ойынның облыстық

кезеңін қорытындылау туралы ақпарат

 

        Білім басқармасының 2025 жылғы 31 наурызындағы № 289 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 9 – 11 сәуір күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен «Евразия» туристік кешенінде «Алау» әскери-спорттық ойынның облыстық кезеңі өткізілді. Ойын балаларды патриоттық және әдептілік рухында тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұнының сапасын арттыру, жастардың Отанға қатысты азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту және облыс құрамасын жасақтау мақсатында өтті.

        Ойынға облыс аудандары мен Орал қаласынан 10 команда қатысып, 90 мектеп оқушысы сайысқа түсті.

Облыстық кезең келесі байқаулар мен сайыс түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

        «Саптық және әндер байқауы» (командалық)

        1 орын – Орал қаласының командасы;

        2 орын – Казталов ауданының командасы;

        3 орын – Бөрлі ауданының командасы.

        «Ерлікке жүрегіңмен жақында» байқауы (командалық)

        1 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;

        2 орын – Казталов ауданының командасы;

        3 орын – Орал қаласының командасы.

        «Белтемірге тартылу» (жекелей – ұлдар)

        1 орын – Абдрахманов Чингис (Ақжайық ауданы, Қ. Байсықов ат. ЖОББМ);

        2 орын – Айғалиұлы Алижан (Бөкей ордасы ауданы, М-С Бабажанов ат. ЖОББМ);

        3 орын – Мұрадым Айдос (Бөкей ордасы ауданы, М. Маметова ат. ЖОББМ).

«Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру» (жекелей – қыздар)

1 орын – Зарифулла Аяна (Орал қаласы, № 41 мектеп-лицей);

2 орын – Серікқызы Гүлдана (Казталов ауданы, К. Мендалиев ат. ЖОББМ);

3 орын – Сагинғали Айкөркем (Орал қаласы, № 41 мектеп-лицей).

        «Күштік жаттығулар» (командалық)

        1 орын – Ақжайық ауданының командасы;

        2 орын – Орал қаласының командасы;

        3 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы.

Тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау (жекелей)

1 орын – Сабырғали Дәулет (Орал қаласы, № 41 мектеп-лицей);

2 орын – Алишева Алтынай (Бөкей ордасы ауданы, М. Маметова ат. ЖОББМ);

3 орын – Саркен Ақторғын (Казталов ауданы, К. Мендалиев ат. ЖОББМ).

        «АК-74 ММГ бөлшектеу және құрастыру» (жекелей – ұлдар)

        1 орын – Байыржан Нұрбол (Орал қаласы, № 41 мектеп-лицей);

        2 орын – Ким Вячеслав (Жаңақала ауданы, Карманов МББК);

        3 орын – Кеңес Саят (Теректі ауданы, Ұзынкөл ЖОББМ).

 

«АК-74 ММГ бөлшектеу және құрастыру» (жекелей – қыздар)

1 орын – Серікқызы Гүлдана (Казталов ауданы, К. Мендалиев ат. ЖОББМ);

2 орын – Сагинғали Айкөркем (Орал қаласы, № 41 мектеп-лицей);

3 орын – Қуанышқали Айсезім (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының № 7 ЖОББМ).

«АК-74 ММГ бөлшектеу және құрастыру» (командалық)

        1 орын – Орал қаласының командасы;

        2 орын – Казталов ауданының командасы;

        3 орын – Жаңақала ауданының командасы.

Хаттамаларға сәйкес жалпы командалық орындар төмендегідей анықталды:

Жалпы командалық есеп:

I орын – Орал қаласының командасы;

II орын – Казталов ауданының командасы;

III орын – Бөкей ордасының командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"