«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің қорытынды ақпараты

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік

экспедициялық жасақтардың облыстық 

слетінің қорытынды ақпараты

 

          Білім басқармасының 2025 жылғы 6 наурыздағы №199 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 2–4 сәуір күндері «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.

Слеттің мақсаты: жасөспірімдерді туған өлкенінің көрікті және киелі жерлерді зерттеуге, өз халқының рухани мәдениетімен таныстыру, жорықтар,  экспедициялармен экскурсиялар кезінде туристік дағдыларына баулу,  туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

 Слетке облыс бойынша 13 команда (117 қатысушы) қатысты. Шараға Тасқала ауданының командасы қатыспады. 

Слет  барысында оқушылар «Туристік маршруттар», «Менің кіші–Отаным», «Туристік әндер», «Туристік кедергілер жолағы» және «Жартасқа өрмелеу» қашықтықтары бойынша сынға түсті.  

Әділқазылар Бөрлі, Ақжайық ауданы, ОБЖТжЭО-ның командаларының жоғары деңгейде дайындықпен келгендерін атап өтті.     

Қазылар алқасының шешімімен слет қорытындысы бойынша төмендегідей орындар берілді.                            

«Менің кіші Отаным» номинациясы            

 

І орын –  Умтанова Диана (Шыңғырлау  ауданы);                               

ІІ орын   Дильмуханова Милана (Бәйтерек ауданы);              

ІІІ орын Серікова Тоғжан (Қаратөбе ауданы).

 

«Туристік маршруттар»номинациясы

                                               

 І орын  –  Рузметова Дильназ (Бәйтерек ауданы);

 ІІ орын  –  Назаров Мансур  (Бөрлі ауданы);

 ІІІ орын – Сәрсенғали Дәмелі (ОБЖТжЭО).

 

«Туристік әндер» байқауы

 

  І орын – Серікқали Мансұр (Орал қаласы);

  ІІ орын Тілеген Жандәулет (Жаңақала ауданы);

  ІІІ орынМұса Ерасыл (Теректі ауданы).

 

«Жартасқа өрмелеу» қашықтығы (қыздар арасында)

 

  І орын – Маратова Аружан (ОБЖТжЭО);

  ІІ орын –  Асқар Айша (Теректі ауданы);

  ІІІ орын – Ерғали Гүлмира (Ақжайық ауданы)

 

«Жартасқа өрмелеу» қашықтығы (ұлдар арасында)

 

 І орын –  Жәңгірханұлы Әмірхан (Қаратөбе ауданы);

 ІІ орын – Әділбек Еркін (Казталов ауданы);

 ІІІ орын – Серік Әлібек (Жәнібек ауданы).

 

 

«Туристік кедергілер жолағы» қашықтығы

 

 І орын –  Ақжайық ауданының командасы;

 ІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы;

 ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.

 

Жалпы командалық орын

І орын –  Бөрлі ауданының командасы;

ІІ орын –Ақжайық ауданының командасы;

ІІІ орын – Облыстық балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология орталығының командасы.

 

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздар слеттің республикалық кезеңіне жолдама алды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"