ОБЖТжЭО-ның білім алушылар арасында «Армысым, Әз-Наурыз!» мерекелік шара

ОБЖТжЭО-ның білім алушылар арасында

 «Армысым, Әз-Наурыз!» мерекелік шара

 

ОБЖТжЭО-ның 2025 жылдың 17 наурыздағы  №72 бұйрығына сәйкес, 25 наурыз күні орталықтың білім алушылары арасында   «Армысым, Әз-Наурыз!» мерекелік шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке  тәрбиелеу.

Шараға ОБЖТжЭО-ның 26 үйірмесінен жалпы саны  158 білім алушы  қатысты.

Мерекелік іс-шара ОБЖТжЭО-ның білім алушылар дайындаған мерекелік концертпен басталды. «Самал» ТЛ-нің  аумағында қатысушылар «Садақ ату»,  асық ату және арқан тарту ұлттық ойындарына қатысты. Сондай-ақ олар «Ұлттық құндылық –асыл мұра» танымдық викторинасында өз білімдерін көрсетіп, қөлөнер  шеберлік сабағына қатысты.

Асханада мерекелік дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары  бауырсақ пен көже берілді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"