Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған пневматикалық мылтықтан атудан «Мерген ару – 2025» облыстық ашық біріншілігінің қорытындысы туралы ақпарат

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған пневматикалық мылтықтан атудан «Мерген ару – 2025» облыстық ашық біріншілігінің қорытындысы туралы ақпарат

 

        Білім басқармасының 2025 жылғы 11 наурызындағы № 209 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 17 – 19 наурыз күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласы білім беру бөлімінің «Ә .Н. Молдағұлова атындағы № 38 мектеп-лицейі»  базасында облыстық «Мерген ару – 2025» облыстық ашық біріншілігі өткізілді. Біріншілік Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін насихаттау, тағзым ету, оқушылар арасында отансүйгіштік сана-сезімді қалыптастыру, облыс оқушылары арасында дене тәрбиесі, әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және облыс құрамасын жасақтау мақсатында өтті.

         Біріншілікке облыс аудандары мен Орал қаласынан, облыстық білім беру мекемелері мен колледж білім алушыларынан құралған 8 командадан, барлығы 32 қыз бала қатысты.

Облыстық біріншілік ПВ – 1 және ПВ – 2 жаттығу түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

        Жекелей жалпы есепте

        1 орын - Наурызбай Диляра (Орал қаласы, Круглоозерный ЖОББМ);

        2 орын - Айтмағамбетова Медея (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);

        3 орын - Ардаққызы Еркеназ (БҚОӘББ, Жоғары аграрлық-техникалық колледж).

Жалпы командалық есеп

I орын - Орал қаласының құрама командасы

II орын - Колледждер құрама командасы

III орын - Облыстық мектептер құрама командасы (С. Сейфуллин ат. №11 ДБАОММЛИ)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"