Оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар-2025» жарысының қорытынды ақпараты

Оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан

облыстық «Ақшақар-2025» жарысының қорытынды ақпараты

 

Білім басқармасының 2025 жылдың 16 қаңтардағы №27 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  11-14 ақпан  күндері  оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар-2025» жарысы өткізілді.          

Жарысқа 11 аудан және Орал қаласы командалары барлығы 98 қатысушы қатысты. Төрешілер алқасы Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек аудандарының командалары жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендерін атап өтті.

Жарыс бағдарламасына сәйкес «Эстафета», «Байлам», «Техникалық», «Ұзақ» қашықтықтары және «Үздік команда көрсетілімі», «Қыс кереметі», «Қысқы туристік фотосуреттер»  байқаулары өткізілді.

            Үздік командалар төмендегідей нәтижелер көрсетті:

«Эстафета» қашықтығы:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Жәнібек ауданының командасы.

«Байлам» қашықтығы (жасөспірімдер тобы, ұлдар жұбы):

1 орын – Асилбек Темірлан/Қайргалиев Алимжан (Ақжайық ауданы);

2 орын – Алипов Бахтияр/Базарбаев Оразбек (Бөрлі ауданы);

3 орын – Серік Мансур/Жалел Нұрәділ (Қаратөбе ауданы).

 «Байлам» қашықтығы (жасөспірімдер тобы, аралас жұп):

1 орын – Аяп Жалғас/Ерғали Гульмира (Ақжайық ауданы);

2 орын – Жолдығали Ерасыл/Оразалы Айару (Бөрлі ауданы);

3 орын – Муратов Бекзат/Самиғолла Аружан (Тасқала ауданы).

«Байлам» қашықтығы (балалар тобы, ұлдар жұбы):

1 орын – Ишанов Ерасыл/Ахметжанов Мирлан (Бөрлі ауданы);

2 орын – Жоламанов Нұрым/Владимер Алдияр (Сырым ауданы);

3 орын – Жалел Ерасыл/Мажит Нұрқанат (Қаратөбе ауданы).

 «Байлам» қашықтығы (балалар тобы, аралас жұп):

1 орын – Султангалиев Радмир/Марат Нұрсауле (Жәнібек ауданы);

2 орын – Мендеш Балауса/Таир Әбубәкір (Ақжайық ауданы);

3 орын – Мұрат Ерсұлтан/Маратова Аружан (Бәйтерек ауданы).

«Техникалық» қашықтығы:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Тасқала ауданының командасы.

«Ұзақ» қашықтығы:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Жәнібек ауданының командасы.

 «Үздік команда көрсетілімі» байқауы:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Бөкей ордасы ауданының командасы;

3 орын – Ақжайық ауданының командасы.

«Қыс кереметі» бутербродтар байқауы:

1 орын – Жәнібек ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Казталов ауданының командасы.

«Қысқы туристік фотосуреттер» байқауы:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

3 орын – Қаратөбе ауданының командасы.

Жалпы командалық есеп бойынша

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Жәнібек ауданының командасы.

      Жеңімпаз командалар БҚО білім басқармасының грамоталары, медальдары, кубоктарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"