Президенттік көпсайыстан Қазақстан оқушыларының XIII қысқы Гимназиадасының республикалық кезеңі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2025 жылға арналған халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес а.ж. ақпан-сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысы Орал және Ақсай қалаларында Қазақстан оқушыларының ХІІІ қысқы Гимназиадасы (Бұдан әрі – Гимназиада) спорттың 8 түрінен өтеді.
2025 жылдың 9-13 ақпан күндері аралығында қысқы президенттік көпсайс жарысы өткізілді. Жарысқа 7 команда (Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстары және Алматы қаласы), барлығы 84 адам қатысты. Команда құрамысы 12 адам. Қатысушылардың жас ерекшіліктері: 2007 ж.т және одан кіші, 2007-2008 ж.т., 2009-2010 ж.т., 2011-2012 ж.т., әр жас санатында екі қатысушыдан артық емес, қыздар мен ұлдар бөлек.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте келесі төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды:
Қыздар арасында:
1 орын – Солтүстік Қазақстан облысының командасы;
2 орын – Ақтөбе облысының командасы;
3 орын – Қостанай облысының командасы.
Ұлдар арасында:
1 орын – Солтүстік Қазақстан облысының командасы;
2 орын – Ақтөбе облысының командасы;
3 орын – Қостанай облысының командасы.