Аудандық, қалалық білім беру бөлімінің басшылары, балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы, жас туристер станциясы директорлары және орынбасарларына арналған «Туристік-өлкетану қызметіндегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға» атты семинар-кеңесі
Білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 20-21 қаңтар аралығында аудандық, қалалық білім беру бөлімінің басшылары, балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, жас туристер станциясы директорлары және орынбасарларына арналған «Туристік-өлкетану қызметіндегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға» атты семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесті Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнаулы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Ф.А.Сулейменова алғы сөзбен бастап, Батыс Қазақстан облысында туристік-өлкетану қызметінің 2024 жылғы жағдайы мен 2025 жылға жоспары бойынша ОБЖТжЭО бөлім меңгерушілері мен директор орынбасарлары, «Туристік-өлкетану қызметіндегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға» тақырыбында аудандық (қалалық) туризм орталығының, жас туристер станциясының директорлары мен орынбасарлары баяндады. Семинар - кеңес PROFESSION әдістемелік-практикалық жұмысымен жалғасын тапты. Семинар - кеңесте 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздіктер Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының грамотасымен марапатталды.
Батыс Қазақстан облысының туристік-өлкетану қызметі саласында үздіктер:
1 орын – Бәйтерек ауданы;
2 орын – Бөрлі ауданы;
3 орын – Ақжайық ауданы.
Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық 2024