Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыстық «ЭкоFEST» оқушылар арасындағы экологиялық туризм фестивалінің қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыстық «ЭкоFEST» оқушылар арасындағы экологиялық туризм фестивалінің

қорытындысы туралы ақпарат

 Білім басқармасының 2024 жылғы 11 қарашадағы №1348 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 11-13 желтоқсан күндері аралығында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыстық «ЭкоFEST» оқушылар арасындағы экологиялық туризм фестивалі өскелең ұрпақ арасында экологиялық дүниетанымды, экологиялық мәдениетті, жауапты экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында өткізілді.   

Облыстық «ЭкоFEST» фестиваліне 10 команда 64 қатысушы қатысты. Фестиваль барысында Қазақстанның инновациялық  және телекомуникациялық  жүйелер университетінің ғылым магистрлері және ОБЖТжЭО-ң әдіскерлері  қазылар алқасы міндетін атқарды. Қазылар алқасы Казталов, Жәнібек,  Бәйтерек аудандары командаларының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жаңақала, Сырым, Шыңғырлау аудандарының командалары  фестивальге қатыспады.

Фестиваль негізінде «Зерттеу және жобалау жұмыстары», «Экология мамандары»,   «Үгіт-насихат бригадалары»  және «Экологиялық бағдарлау» байқаулары бойынша ұйымдастырылды. Қазылар алқасының шешімімен фестиваль қорытындысы бойынша төмендегідей  орындар берілді.

  1. «Зерттеу және жобалау» жұмыстарының байқауы:

1 орын –  Еменғали Қарақат (Жәнібек ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);

2 орын – Бәуеден Әліхан/Айтжанова Айлана (Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы);

3 орын – Тайырова Наз  («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы).

  1. «Экология мамандары» зияткерлік байқауы:

1орын – Казталов  ауданының  командасы;

2 орын – Бәйтерек ауданының  командасы;

3 орын –  Жәнібек ауданының  командасы.

  1. «Экологиялық бағдарлау» команда капитандары арасындағы жарыс:

1 орын – Тулепова Анель (Бәйтерек ауданының «Жас туристер» станциясы);

2 орын – Асқар Саида (Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы);                     

3 орын – Зинолла Аймоншақ  (Бөкей ордасы ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы).                  

  1. «Үгіт-насихат бригадалары» байқауы:

1 орын –  «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы;

2 орын - Бәйтерек ауданының «Жас туристер» станциясы;

3 орын – Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

Жалпыкомандалық есеп бойынша:

1 орын - Казталов ауданының командасы;                       

2 орын - Бәйтерек ауданының командасы;

3 орын - Жәнібек ауданының командасы.

Жеңімпаз командалар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"