Облыстық «Туған жер – алтын бесік» өлкетану олимпиадасының қорытынды ақпараты

 Облыстық «Туған жер – алтын бесік»

өлкетану олимпиадасының қорытынды ақпараты

 

          Білім басқармасының 2024 жылғы 30 қазандағы №1277 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 27–29 қараша күндері облыстық «Туған жер – алтын бесік» олимпиадасы өткізілді.

          Олимпиадаға 9 аудан және Орал қаласы, барлығы 10 команда 75 қатысушы қатысты. Жәнібек, Сырым және Тасқала аудандарының командалары шараға қатыспады.

         Олимпиаданың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, туған өлкенің тарихи-мәдени мұраларын сақтау, танымдық ой-өрісін кеңейту және өлкетанулық білімдерін дамыту. Қатысушылар төмендегі байқаулар бойынша өлке туралы білімдерімен сынасып, сайысқа түсті.

«Менің Кіші –Отаным»   топонимика  байқауы бойынша:

1 орын - Жәнібекұлы Ахмедшах - Ақжайық ауданының М.Өтемісов атындағы ЖОББМ;

2 орын - Шаймарданова Ұлжан - Бәйтерек ауданының Абай мектеп гимназиясы;    

3 орын - Орынбасар Айкерім - Бөрлі ауданының №1 ЖОББМ.

«Ой-таным-QUIZIZZ» байқауы бойынша:

1 орын - Бәйтерек ауданының командасы;

2 орын - Теректі ауданының командасы; 

3 орын - Орал қаласының командасы. 

 Өлкетанулық тест байқау бойынша:

 1 орын - Шүкіролла Кәусар, Рузметова Дилназ, Бәйтерек ауданының  

 Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ;

 2 орын- Амангелдіқызы Жайнар,Теміреш Аяна, Жаңақала ауданының  

 мектеп-гимназиясы;

 3 орын- Батыр Нұрхат, Жанбулат Қарлығаш, Казталов ауданының мектеп   

 лицейі.

 Жалпы командалық орын

 1 орын - Бәйтерек ауданының командасы;

 2 орын - Теректі ауданының командасы; 

 3 орын - Орал қаласының командасы. 

Тағылымы мол өлкетанулық олимпиаданың білім мен тәрбие үрдісіндегі алатын орны ерекше. Олимпиада танымды да тартысты өтіп, қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнаса, педагогтар бір-бірімен іс-тәжірибе алмасты.     

Жеңімпаз командалар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының жаңалықтар айдарында көрсетілді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"