Мектеп оқушылары арасында « Бағдаршам – 2024» жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слетінің қорытындысы туралы ақпарат

Мектеп оқушылары арасында « Бағдаршам – 2024» жол қозғалысы

жас инспекторларының облыстық слетінің қорытындысы туралы ақпарат

 

            Білім басқармасының 2024 жылдың 28 қазанындағы № 1266 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 6 – 8 қараша күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы мен Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында мектеп оқушылары арасында       «Бағдаршам-2024» жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті өткізілді. Слет балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол – көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және балалардың жол – көлік жарақаттануының алдын алу проблемаларына мүдделі мекемелердің, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өтті.

            Слетке Теректі, Қаратөбе, Ақжайық, Тасқала аудандары мен Орал қаласының командаларынан 50 мектеп оқушысы қатысты.

Облыстық слет келесі байқаулар мен сайыс түрлері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

«Саптық байқау» (командалық есеп)

1 орын - Теректі ауданының командасы (Госплемстанция ЖОББМ);

2 орын - Ақжайық ауданының командасы (№1 ЖОББМ);

3 орын - Орал қаласының командасы (№41 мектеп-лицей).

«Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері» байқауы (командалық есеп)

1 орын - Теректі ауданының командасы (Госплемстанция ЖОББМ);

2 орын - Ақжайық ауданының командасы (№1 ЖОББМ);

3 орын - Қаратөбе ауданының командасы. (Ханкөл ЖОББМ).

«Жас реттеуші» байқауы (жекелей есепте)

1 орын - Айткалиев Ернар (Қаратөбе ауданы, Ханкөл ЖОББМ);

2 орын - Самат Нұрсәт (Теректі ауданы, Госплемстанция ЖОББМ);

3 орын - Бошенятов Егор (Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ).

«Үгіт-насихат бригадаларының» байқауы (командалық есеп)

1 орын - Теректі ауданының командасы (Госплемстанция ЖОББМ);

2 орын - Ақжайық ауданының командасы (№1 ЖОББМ);

3 орын - Орал қаласының командасы (№41 мектеп-лицей).

«Велосипедті мәнерлеп жүргізу» сайысы (ұл балалар арасында)

1 орын - Төлепберген Бибарыс (Қаратөбе ауданы, Ханкөл ЖОББМ);

2 орын - Амангелді Нұрмұхамед (Орал қаласы, №41 мектеп-лицей);

3 орын - Ерболат Жасұлан (Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ).

«Велосипедті мәнерлеп жүргізу» сайысы (қыз балалар арасында)

1 орын - Оңғар Аружан (Орал қаласы, №41 мектеп-лицей);

2 орын - Ербол Қарақат (Қаратөбе ауданы, Ханкөл ЖОББМ);

3 орын - Мукашева Эльнара (Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ).

Хаттамаларға сәйкес жалпы командалық орындар төмендегідей бөлінді:

I орын - Теректі ауданының командасы

II орын - Каратөбе ауданының командасы

III орын - Ақжайық ауданының командасы

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"