Республика күніне орай өткізілген облыстық «Аспан астындағы музей қала» экскурсиялық бағдарлау жарысының қорытынды ақпараты

 Республика күніне орай өткізілген облыстық

 «Аспан астындағы музей қала» экскурсиялық бағдарлау жарысының қорытынды ақпараты

 

       Республика күніне орай, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22–24 қазан күндері облыстық «Аспан астындағы музей қала» экскурсиялық бағдарлау жарысы өткізілді. Облыс және қала бойынша 12 команда 80 оқушы қатысты.

       Жарыс жасөспірімдерді өлкеміздің тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру арқылы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, танымдық қасиеттерін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Мен және менің әлемім» тақырыбында тренинг, «Ел тарихын білесің бе?» ой сергіту танымдық ойындары ұйымдастырылды.

        Оқушылар «Ескерткіштерді қорғау - елдігіміздің белгісі» байқауы бойынша өлке тарихын сипаттап, бейнелейтін ескерткіш-жобаларын ұсынып, төмендегі орындарды иеленді.

«Ескерткіштерді қорғау-елдігіміздің белгісі» байқауы:

 1 орын – Жәнібекұлы Ахмедшах (Ақжайық ауданы);

 2 орын – Файзолла Ақжайна (Қаратөбе ауданы);

 3 орын – Құттығали Арнұр (Облыстық балалар мен жасөспiрiмдер туризм  

  және экология орталығы).

       Сонымен қатар, әлеуметтік бейнероликтер байқауында өлкедегі мәдени мұра нысандарын сақтау және қорғау тақырыбында жұмыстар ұсынды.

«Ертеңгі ескерткіш сыр шертпек» байқауы бойынша:

 1 орын – Эмильқызы Сезімай (Бөкей ордасы ауданы);

 2 орын –Рамазан Асем (Бөрлі ауданы);

 3 орын – Қосаман Жанерке (Қаратөбе ауданы).

«Экскурсиялық бағдарлау» жарысынан қала тарихы және бағдарлау жарысынан озық болған командалар:

1 орын – Орал қаласының командасы;

2 орын – Теректі ауданының командасы;

3 орын – Бәйтерек ауданының командасы. 

Жалпы командалық есеп бойынша үздік болған командалар:

1 орын – Қаратөбе ауданының командасы;

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;

3 орын – Орал қаласының командасы.

Өткізілген жарыстың білім мен тәрбие үрдісіндегі алатын орны ерекше. Жарыс танымды да тартысты өтіп, қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнаса, педагогтар бір-бірімен іс-тәжірибе алмасты.     

Жеңімпаз командалар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"