Облыстық оқушылар арасындағы «Жайық-Урал 2024» туристік-экологиялық экспедиция жасақтары слетінің қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық оқушылар арасындағы «Жайық-Урал 2024»

 туристік-экологиялық экспедиция жасақтары слетінің

қорытындысы туралы ақпарат

 

Білім басқармасының 15.10.2024 жылғы №1129 бұйрығына сәйкес туристік-экологиялық экспедиция жасақтары мүшелерімен тәжірибе алмасу және оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында 2024 жылдың 30 қазан – 1 қараша облыстық оқушылар арасында «Жайық-Урал 2024» туристік-экологиялық экспедиция жасақтарының слеті өткізілді.   

Слет барысында командалар «Жайық-Урал 2024» туристік-экологиялық экспедициясының III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу жұмысы, «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы, экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша баяндамалар, І категориялы қиындықтағы Жайық – Урал маршруты бойынша қорытынды есептер байқауларына қатысты.     

Облыстық «Жайық-Урал 2024» слетіне 7 команда қатысты, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Шыңғырлау, Қаратөбе және Сырым ауданының командалары қатыспады. Жалпы қатысушылар саны – 36. Слет барысында М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-ң география кафедрасының оқытушылары және ОБЖТжЭО-ң қосымша білім беру педагогтері әділқазылар мүшесі болды.

Әділқазылар шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз деп танылды:

1.Оқушылардың «Жайық-Урал 2024» туристік-экологиялық экспедициясы III кезеңінің қорытынды іздестіру-зерттеу баяндамасы бойынша:

1 орын –  Муканова Аружан, Рысқұл Әділет (Бөрлі ауданының жас туристер станциясы);

2 орын – Камаев Никита  («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);

3 орын – Базарбай Орынғали  (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы).

  1. «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы бойынша:

1орын – Баландина Екатерина (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы);

2 орын – Акулова Карина (Бөрлі ауданының жас туристер станциясы);

3 орын –  Жұмабай Жанбота (Тасқала ауданының жас туристер станциясы).

  1. Экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша:

1 орын – Узбекова Мендігүл («Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы);

2 орын – Першина Юлия (Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы)                     

3 орын – Бейбт Гауһар (Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы).                  

  1. І категориялы қиындықтағы «Жайық – Урал» маршрутының қорытынды есептері бойынша:

1 орын –  Назаров Мансур (Бөрлі ауданының жас туристер станциясы);

2 орын -  – Базарбай Орынғали  (Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы);

3 орын – Болат Ролан (Теректі ауданының жас туристер станциясы).

Жалпыкомандалық есеп бойынша:

1 орын -  Бөрлі ауданының командасы;                       

2 орын - Орал қаласының командасы;

3 орын - Ақжайық ауданының командасы.

Слет бағыттары бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып, БҚО білім басқармасының грамоталары және сыйлықтарымен марапатталды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"