«Менің Отаным-Қазақстан”
туристік экспедициялық жасақтардың слеті
Алматы қаласында 2024 жылдың 26-28 қыркүйек күндері Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Менің Отаным-Қазақстан” туристік экспедициялық жасақтардың слеті өткізілді. Слетке республика бойынша 20 команда 180 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Батыс Қазақстан облысының құрама командасы төмендегі орындарға ие болды: “Туристік маршруттар” номинациясы, Бақыт Нұрдәулет - 2 орын; “Туристік кедергілер жолағы” номинациясы- 3 орын! Жалпыкомандалық есепте Батыс Қазақстан облысының командасы 3 орынға ие болды!
Слет күндері оқушылар туристік дағдыларын шыңдап, туристік әндерін орындап, іздістіру-зерттеу жобалары арқылы білімдерін толықтырып, достық қарым - қатынас орната білді.