Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы
«Европа-Азия 2024» Республикалық туристік фестивалі
2024 жылдың 17-20 қыркүйек аралығында Орал қаласының «Самал» туристік лагерінде далалық жағдайда Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы «Европа-Азия 2024» Республикалық туристік фестивалі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты: педагогтердің туристік және кәсіби шеберліктерін шыңдау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибені айқындау және насихаттау.
Ұйымдастырушылар: «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы», «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК.
Фестивальға 12 командадан 108 педагог қатысып, өз тәжірибелерін шыңдады. Шараға республика көлемінде мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары, қосымша білім беру педагогтері, қалалық, облыстық және аймақтық білім беру қызметкерлері қатысты.
Жарысқа қатысқан командалар: Астана қ., Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстары; Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Теректі, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласынан 2 команда («Атамекен» ҚБЖТжЭО, №24 ЖОББМ)
Фестивальға қатысушылар өз өнерлері мен қабілеттерін жаяу туризмі техникасы, спорттық ойындар мен спорттық бағдарлау қашықтарында, бейнеролик, «Үздік әдіскер», бард әндері орындаушлары мен «Екі жұлдыз» байқауларында көрсетті.
ТУРИСТСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «ЕВРОПА-АЗИЯ» - https://aqjaiyqtv.kz/ru/news/40130
https://zhaikpress.kz/ru/news/turizm-bez-granic/