Облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы»
жарысының қорытынды ақпараты
Білім басқармасының 2024 жылғы 1 тамыздағы №962 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 5-7 қыркүйек күндері аралығында отбасылық спорттық туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналармен жұмыстарын белсендіру мақсатында облыстық жарыс өткізілді.
Жарысқа 7 аудан барлығы 28 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Жәнібек, Теректі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Бөкей Ордасы, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласы командалары жарысқа қатыспады.
Жарыс бағдарламасына сәйкес «Эстафета», «Спорттық лабиринт», «Туристік кедергілер жолағы», «Спорттық құзға өрмелеу» қашықтықтары және «Үздік командалық көрсетілім», «Ыстық тағам», «Туристік тұрмыс және дағды» байқаулары өткізілді.
Жарыстың қорытындысына сай нәтиже төмендегідей:
«Эстафета» қашықтығында балалары арасында:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын – Жәнібек ауданының командасы;
ІІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы.
«Спорттық лабиринт» қашықтығы:
І орын – Жәнібек ауданының командасы;
ІІ орын – Тасқала ауданының командасы;
ІІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы.
«Спорттық құзға өрмелеу» қашықтығында әкелері арасында:
І орын – Утеуов С. (Ақжайық ауданы);
ІІ орын – Беккалиев Р. (Теректі ауданы);
ІІІ орын – Сикенов С. (Жәнібек ауданы).
«Спорттық құзға өрмелеу» қашықтығында аналары арасында:
І орын – Жамангереева А. ( Бөрлі ауданы);
ІІ орын – Беккалиева А. (Теректі ауданы);
ІІІ орын – Динмухаметова А. (Тасқала ауданы).
«Үздік командалық көрсетілім» байқауы:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын – Жәнібек ауданының командасы;
ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.
«Ыстық тағам» байқауы:
І орын – Жәнібек ауданының командасы;
ІІ орын – Тасқала ауданының командасы;
ІІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы.
«Туристік тұрмыс және дағды» байқауы:
І орын – Жәнібек ауданының командасы;
ІІ орын – Бөрлі ауданының командасы;
ІІІ орын – Теректі ауданының командасы.
«Туристік кедергілер жолағы» қашықтығы:
І орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІ орын –Теректі ауданының командасы;
ІІІ орын – Жәнібек ауданының командасы.
Жалпы командалық есеп бойынша:
І орын – Жәнібек ауданының командасы;
ІІ орын – Ақжайық ауданының командасы;
ІІІ орын – Теректі ауданының командасы.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары және кубогтерімен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.