Жазғы ауысымының салтанатты ашылу.

Жазғы ауысымының салтанатты ашылу

19 маусым күні  «Самал» ТЛ - де «Бір аспан астында» жазғы ауысымының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Биыл “ Қазақстан халқына “ қоғамдық қорының «QН Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы аясында жазғы ауысымдарда облысымыздын аудандарынан демалуға келген оқу озаты, төтенше жағдай зардап шеккен балалар, дарынды балалар және көп балалы отбасының балалары демалады.

 Ауысым барысында балалар Орал қаласының мұражайлары мен балалар хайуанаттар бағына барады, туристік жорық жасайды, зияткерлік-танымдық іс-шаралар мен спорттық жарыстарға қатысады, жаяу және тау туризмі дағдыларын меңгереді.

     «Самал» туристік лагері  2024 жылдың жазғы лагері маусымның 17-сі күнінен бастап, тамыздың  25-сі аралығында, алты профилдік ауысым өткізіледі. Әр ауысымның өтілу мерзімі 10 күннен.

1 ауысым (17 маусым – 26 маусым) – «Бір аспан астында»;

2 ауысым (29 маусым -  8 шілде ) -  «Лидер.kz»; 

3 ауысым (11 шілде -  20  шілде)  -  «Туған өлкем- мақтанышым»;

4 ауысым (23 шілде -  1 тамыз )  -  «Өнер Fest»;

5 ауысым (4 тамыз  - 13 тамыз)  - «Жас турист»;

6 ауысым (16 тамыз  - 25 тамыз)  -  «Патриот kz»

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"