Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Елтану» туристік-өлкетанулық экспедициясының қорытындысы.

Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Елтану» туристік-өлкетанулық экспедициясының қорытындысы

         Білім басқармасының 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, жасөспірімдерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өлкетану ісіне баулу, рухани–мәдени мұраларды сақтау арқылы танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында 2024 жылдың 28 маусым – 6 шілде аралығында Орал қаласы – Павлодар қаласы – Баянауыл ауданы - Орал қаласы маршрутымен Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Елтану» туристік – өлкетанулық экспедициясы ұйымдастырылды.   

  Экспедициясының алғашқы күні облыс орталығындағы Павлодар қаласындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығындағы «Жас эколог» музейі, орталық жанындағы экологиялық - ботаникалық кешеніне және жылыжайға танымдық эксурсиялар жасап, Бұхар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі мен тарихи- жаратылыстану үлгісімен құрылыған цифрлы «ERTIS» музейімен танысып, Ертіс жағасындағы әлемге танымал «Қазқонақ» палеонтологиялық орнымен және жағалау жағажайында бой көтерген академик Қ.Сәтбаевтың ескертішін тамашалап, сан ғасырлық тарих пен мыңжылдықтар бойы қалыптасқан ғажайып табиғаттың сырлары тұнған өлкеге жол тартты.

Түс ауа  Торайғыр ауылына келіп Торайғыр көлі, С. Торайғыровтың мазарына барып, Әулиебұлақ, Кемпіртас, Найзатас сынды табиғаттың  салып берген таңғажайып сұлулықтарына куә боп, біздің дəуірге дейінгі VIII-IX ға­сыр­ларда сақ дəуірінен келе жатқан Тасмола мəдениетіне жататын қорғандарды тамашалады.

Экспедициямыздың екінші күні,  Жасыбай көлінен үш шақырым жерде орналасқан Қоңыр әулие үңгіріне барып, тарихта таңбаланған дәуір «Ақтабан - шұбырындыны» - «Ұлы жұт жылдарын» еске салатын Жасыбай батырдың  басына барды.  

  Түстен соң Баянауыл ауданының әкімшілік орталығында бой көтерген    Бұқар жырау Қалқаманұлы, Mәшhүp Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Tорайғыров, Әлкей Хақанұлы Марғұлан, Шәкен Айманов сынды танымал тұлғалардың ескерткіштеріне тағзым етіп, академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев мұражайында болып, кемеңгер ғалымның өмірімен, теңдесіз еңбек жолымен танысып,   жергілікті өлкетанушылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  

Экспедициямыздың соңғы күні Екібастұз қаласындағы Мәжһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткіші алдында аялдап, тағзым еткен экспедиция мүшелері Павлодар қаласына жол тартты. Үш күн бойы оқушылар Павлодар қаласы мен Баянауыл ауылының тарихымен, танымал тұлғалардың өмір жолдарымен танысып ерекше мол әсермен қайтты. Еліміздің тарихын, жерін, танып-зерттеп жүрген болашақ жастарымыздың алдағы уақытта еліне адал қызмет етер азаматтармен азаматшылар шығатынына сеніміміз мол.

    Экспедицияның сапалы өтуіне қолдау көрсеткен Павлодар қаласының білім басқармасына және туризм орталығының ұжымына  алғыс білдіреміз.

Аталмыш экспедиция барысын https://ertistv.kz/kz/news/32861 «ERTIS» телеарнасынан, https://www.instagram.com/reel/C84xAazNULF/?igsh=MWtkZ3l3NzN3YnhmZA == Павлодар қаласының туризм орталығының және https://www.instagram.com/reel/C84Vr0sSy7Q/?igsh=MW90MG01MnE4dWowZw== Білім Басқармасының әлеуметтік желілерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 

 

 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"