Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 115 жыл толуына орай өткізілген облыстық «Ақжайықтану» туристік –өлкетанулық экспедициясының қорытынды ақпараты

Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 115 жыл толуына орай өткізілген облыстық «Ақжайықтану» туристік –өлкетанулық экспедициясының қорытынды ақпараты

 

        Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы және Қаратөбе аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығымен бірлесе,  2024 жылдың 5–7 маусым  күндері «Ақжайықтану» туристік-өлкетанулық экспедициясы ұйымдастырылды.       

        Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арнап, Бәйтерек, Теректі, Қаратөбе аудандарынан және орталық үйірмешілерінен  жалпы   саны жас 49 қатысушы қатысты. Экспедиция «Орал қаласы – Қаратөбе ауылы – Саралжын ауылы –Аққозы ауылы – Жақсыбай ауылы– Ақкөл елді-мекені – Алакөл ауылы– Тұзоба – Ақтайсай ауылы – Құрсай – Талсай – Көмірсай – Шыңғыссай – Қаратөбе ауылы – Жымпиты  ауылы – Орал қаласы» маршруты  бойынша жүргізілді.   

         Қаратөбе ауданында тарихи- өлкетану музейі және  «Алаш және Қ.Хасанов» музейлерін тамашаласақ, Мұхит ауылында М. Мерәліұлы музейіне экскурсия жасалып, жергілікті өлкетанушылармен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.      

        Көз тартар табиғатымен, табиғи байлығымен  ерекшеленетін Ақтайсай,  Құрсай, Тұзоба, Көмірсай, Шыңғыссай  елді-мекендерінің тарихымен танысып, мектеп оқушыларымен танымдық шаралар өткізіліп, одан әрі экспедиция Сырым елінде өз жалғасын тапты. Оқушылар аудандағы Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану  және Алаш тарихы музейлерімен танысып, өлке тарихына шолу жасалды.

        Экспедиция қатысушылары өлке тарихымен танысып қана қоймай, Қаратөбе елінің қонақжайлығына тәнті болып, ризашылығын білдіруде.      

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"