Велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ - 2024» жарысын және 1-ші категориялық жорығының қорытынды ақпараты.

 

Велосипед туризмі техникасынан

облыстық «Күміс шабақ - 2024» жарысын

және 1-ші категориялық жорығының қорытынды ақпараты

 

Білім басқармасының 2024 жылғы 27 мамырдағы №666 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  19-22 маусым күндері оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, велосипед туризмі техникасының дайындық деңгейін арттыру және спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ 2024» жарысы өткізілді.

Жарысқа 10 ауданнан барлығы 62 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті.  Сырым, Тасқала аудандары және Орал қаласының командалары жарысқа қатыспады.

         Жарыс бағдарламасына сәйкес «Мәнерлеп жүру», «Триал», «Кедергілер жолағы» қашықтықтары бойынша ұлдар, қыздар арасында және балалар тобы бойынша өткізілді.

Жарыстың қорытындысына сай нәтиже төмендегідей: 

«Мәнерлеп жүру» қашықтығы Ұлдар арасында (жасөспірімдер):

1 орын – Муратов Батырхан (Жәнібек ауданы);

2 орын – Болатқали Сержан (Ақжайық ауданы);

3 орын – Қайыржан Ерназар (Ақжайық ауданы).

«Мәнерлеп жүру» қашықтығы Қыздар арасында (жасөспірімдер):

1 орын – Жендеткалиева Жангүлім (Жәнібек ауданы);

2 орын – Ерғали Гүлмира (Ақжайық ауданы);

3 орын – Лемякина Дарья (Жәнібек ауданы).

 «Мәнерлеп жүру» қашықтығы балалар тобы арасында:

1 орын – Қуаныш Әділет (Ақжайық ауданы);

2 орын – Серік Әлібек (Жәнібек ауданы);

3 орын – Берікқали Елдар (Қаратөбе ауданы).

«Триал» қашықтығы Ұлдар арасында (жасөспірімдер):

1 орын – Асылбек Темірлан (Ақжайық ауданы)

2 орын – Болатқали Сержан (Ақжайық ауданы);

3 орын – Касицин Олег (Теректі ауданы).

«Триал» қашықтығы Қыздар арасында (жасөспірімдер):

1 орын – Жендеткалиева Жангүлім (Жәнібек ауданы);

2 орын – Джумагалиева Гулизар (Бөкей Ордасы ауданы);

3 орын – Оразалы Айару (Бөрлі ауданы).

 «Триал» қашықтығы балалар тобы арасында:

1 орын – Қуаныш Әділет (Ақжайық ауданы);

2 орын – Серік Әлібек (Жәнібек ауданы);

3 орын – Султангалиев Радмир (Бөкей ордасы ауданы).

 

 «Кедергілер жолағы» қашықтығы:

1 орын – Жәнібек ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданы;

3 орын – Қаратөбе ауданы.

Жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Ақжайық ауданының командасы;

2 орын – Жәнібек ауданының командасы;

3 орын – Бөкей Ордасы ауданының командасы.

Жеңімпаз командалар БҚО білім басқармасының грамоталары, медальдары, кубоктарымен марапатталды.

 

 

 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"