«Әр білім мекемесінде – музей!»

Облыстық «Әр білім мекемесінде – музей!» айлығының қорытынды ақпараты

        Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоғарғы орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» тұжырымдамасында «Еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру» мәселелері атап көрсетілген.  Бүгінде жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп музейлерінің  алатын орны ерекше,  облыс бойынша әр мектепте музей ашу  жолға қойылды. Білім басқармасының 2024 жылғы 9 қаңтардағы №3-10/68 хатына сәйкес, 10–30 қаңтар күндері орталықта облыстық «Әр білім мекемесінде – музей!» айлығы өткізілді.

       Білім беру мекемелерінің музейлерінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, білім алушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында тарихи-танымдық, тағылымды шаралар ұйымдастырылды.

        Облыс бойынша мектеп музейлерінде кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде,  Ақжайық, Бөрлі, Бөкей Ордасы, Жәнібек, Сырым, Тасқала, Қаратөбе, Шыңғырлау  аудандарының мектеп музейлерін атауға болады. Аудан мектептерінде «Ер есімі – ел есінде» атты көрмелер ұйымдастырылып, «Ауылым-тұнған тарих» атты экскурсиялар, «Көне жәдігерлер ұлттық құндылығымыз», «Жәдігерлер сыр шертеді», «Музей бойынша виртуалды саяхат», «Көрші мектеп музейіне саяхат» тақырыптарында шаралармен экскурсиялар өткізілді.

         Айлық аясында Орал қаласының №2, №10, №12, №24, №26, №36, №43, Круглоозерный, Серебряков ЖОББМ–не әдістемелік көмек көрсетіліп, қайта құжаттау жұмыстары жүргізілді. Жаңадан музей ашуға Ақжайық, Сырым аудандары белсене   жұмыстануда.

        Музейлер оқушылардың оқу–тәрбие жұмысына сәйкесті мұғалімдердің жетекшілігімен жүргізіледі. Мектеп музейлерінің өзіндік ерекшелігі оқушылардың ой–өрісін кеңейтіп, олардың санасына адамгершілік, еңбек, патриоттық, эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына ықпал жасайды

        Мектеп музейлерінде айлық барысында ауыл тарихы, мектеп тарихы, ауыл ардагерлері, өлке тарихы туралы материалдар жинақталды. Айлық шеңберінде  өткізілген шаралар алдағы уақытта да, өз жалғасын табады.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"