2023 жылдың 4 мамырында «Жас тұлға» үйірмесі (жет.Т.Ғайнеден) оқушыларына «Ардагерге хат» атты ерлік сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету, өз халқымыздың тарихын танып білуге және Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар «Соғыс алаңында», «Жеңіс» т.б тарихи-сахналық қойылымдар қойып, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарына өздерінің ашық хаттарын жолдап, өлең шумақтарын оқыды.
Қорыта келе, оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер аталарымыз бен әжелеріміз, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз.