Білім басқармасының 2023 жылғы 20 наурыздағы №263 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 18-21 сәуір күндері тау туризмі техникасынан дайындық деңгейін арттыру және спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында М.Жұмаев жүлдесі үшін облыстық ашық жарыс өткізілді.
Жарысқа 9 аудан және Орал қаласынан барлығы 91 оқушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Жәнібек, Бөрлі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жарыс бағдарламасына сәйкес «Байлам», «Жеке», «Командалық», «Эстафета» қашықтықтары жас ерекшеліктеріне байланысты балалар, жасөспірімдер және ересектер тобы бойынша үш топқа өткізілді.
Жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаздар болып атанды:
🥇1 орын – Ақжайық ауданының командасы;
🥈2 орын – Жәнібек ауданының командасы;
🥉3 орын – Бөрлі ауданының командасы.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының грамоталарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды.