Шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар 2023» жарысы

Білім басқармасының 2023 жылғы 24 қаңтардағы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 7-10 ақпан аралығында салауатты өмір салтын насихаттау, шаңғы туризмі техникасының дайындық деңгейін арттыру және спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар 2023» жарысы өткізілді.

Жарысқа ауданның туризм орталықтары және Орал қаласынан барлығы 13 команда (109 қатысушы) қатысты. Төрешілер алқасы Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек аудандары командаларының жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын атады.
Жарыстың бағдарламасына сәйкес «Байлам», «Техникалық», «Ұзақ», «Эстафета» қашықтықтары және «Командалық үздік көрсетілім», «Қысқы тағамдар» байқаулары оздырылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті:
I орын – Ақжайық ауданының командасы;
II орын – Бәйтерек ауданының командасы;
III орын – Жәнібек ауданының командасы.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталарымен, медальдарымен және кубоктармен марапатталды.

 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"