Батыс Қазақстан облысы оқушыларының ХІ қысқы Гимназиадасының қысқы президенттік көпсайысы жарысы

   Батыс Қазақстан облысы оқушыларының XI қысқы Гиназиадасы 2023 жылдың 24 қаңтар-17 ақпан күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Батыс Қазақстан облысы оқушыларының XI қысқы Гиназиадасы қысқы президенттік көпсайысы, шаңғы жарысы және қысқы спорттық бағдарлау спорт түрлерінен өткізіледі. XI қысқы Гимназиадасы 3 кезеңді қамтиды: аудандық (қалалық), облыстық, республикалық.

01-04 ақпан күндері аралығында  шаңғы жарысының бағдарламасы үш түрі бойынша өткізілді: коньки әдісі, «Спринт» қашықтығы, «Эстафета» қашықтығы.  Шаңғы жарысына  2005-2006ж. т. (2 қыз+2 ұл), 2007 ж. т. және одан кіші (2 қыз+2 ұл) жас ерекшілігі бойынша қатысты.                                   

   Жарысқа барлығы 8 команда (89 қатысушы) қатысты.

Жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаздары:

Ұлдар арасында:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы

3 орын – Орал қаласының командасы

Қыздар арасында:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы

2 орын – Бәйтерек ауданының командасы

3 орын – Орал қаласының командасы

 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"