Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы 2022 жылдың 15 қараша күні «Сервис және жаңа технологиялар» колледжімен кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында «Жұмыс беруші күнін» өткізді.
Іс-шара барысында орталықтың жұмыс тәжірибесі (кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы) бойынша ақпарат берілді.
Мекемеге жұмыс беруші ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты табысталды.