Волейбол жарыстары өткізілуде

Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 8-25 қараша  аралығында ұлттық колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінің  ұлдар және қыздар арасында волейбол, баскетбол және футзал жарыстары  өткізілуде.  Ережеге сәйкес ұлттық колледж лига жарыстары 3 кезеңнен тұрады. Олар: іріктеу (колледжішілік), аймақтық ойындар, облыстық жарыстары.

Волейбол  жарысына 11 колледж командалары қатысты. Қатысушы командалар: ұлдар арасында 8  команда, қыздар арасында 6 команда.

Жеңімпаздар болып аталған:,

Ұлдар арасында:

1 орын - Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі

2 орын – Жоғары аграрлық-техникалық колледжі

3 орын  - Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

 

«Үздік тосқауыншы» - Бекнұров Р. (Тасқала колледжі)

«Үздік шабуылдаушы» - Бекжанұлы Е. (Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі)

«Үздік байланыстырушы» - Азаматов Қ. (Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі)

«Үздік ойыншы» - Ізмұхан Е. (Жоғары аграрлық-техникалық колледжі)

 

Қыздар арасында:

1 орын - Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі

2 орын - Орал гуманитарлық-техникалық колледжі

3 орын - Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі

 

«Үздік тосқауыншы» - Ишангалиева М. (Орал жоғары гуманитарлық экономикалық колледжі)

 «Үздік шабуылдаушы» - Бақытығали Д. (Орал гуманитарлық-техникалық колледжі)

«Үздік байланыстырушы» - Рашиденова А. (Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі

 «Үздік ойыншы» - Тулеуова С. (Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі)

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"