Байдарка мен каноэ есуден мықтылар – Жайық өңірінде!

Жайық өңірінде Республикалық байдарка мен каноэ есуден Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының ашылу салтанаты  өткізілді. Жарыс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы», Батыс Қазақстан  облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы болып табылады. Аталмыш шараға республикамыздың 8 облысы қатысуда. Қатысушыларға Отандық спорттың мәртебесін өркендету жолында еңбектеріңе табыс тілейміз. Кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін, мансаптарыңыз өрлей берсін!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"