«ЕУРАЗИЯ» туристік сауықтыру кешені жазғы ауысым лагерь есігін айқара ашты

"БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ ПЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ СЫЙЛАУ- БАСТЫ МІНДЕТ!" - Евразия туристік сауықтыру кешенінің басты қағидасына айналған!

Биыл 1 маусым күнінен бастап Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығына қарасты «ЕУРАЗИЯ» туристік сауықтыру кешені жазғы ауысым лагерь есігін айқара ашты! Балалардың 10 күндік демалыс уақытын сапалы, әрі қызықты өткізуге барлық жағдай жасалған. Алғашқы «Жас турист» ауысымында Атырау, Ақтөбе, Орал және Ақсай қалаларынан келген балалар демалып жатыр. Бағдарлама жоспары бойынша барлық мерекелік іс шаралар мен экскурсиялар өткерілуде. Балалардың көңіл-күйі тамаша, бұрын соңды біздің лагерьде 3,4,5 –ші мәрте демалушылары да бар. «Еуразия» ТСК-нің дәстүрі бойынша ең белсенді, әрі өзін нағыз еуразиялық ретінде көрсете білген балаларға грамоталар табысталады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"