1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған жазғы маусымның ашылу салтанаты (этнофестиваль) өткізілді

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған жазғы маусымның ашылу салтанаты (этнофестиваль) өткізілді. Мақсаты: балалардың бойларына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру, бір-біріне және қоршаған ортаға деген құрмет, рухани мұраларды, тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау және насихаттау, Қазақстан халқының достығы мен ұлтаралық келісімін нығайту.

Бағдарлама аясында «Әлем балалар көзімен» сурет көрмесі, аквагрим, ұлттық ойындар, қолөнершілер көрмесі, шатырлы лагерь, туристік кедергілер жолағы, спорттық ойындар, этноауыл, аттармен қыдыру, иттер көрмесі, концерттік бағдарлама, спорттық бағдарлау, қайықпен серуен ұйымдастырылды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"