Білім басқармасының 2022 жылғы 27 сәуірдегі №353 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-17 мамыр күндері жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын жан-жақты дамыту мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау мақсатында облыстық «Жас құтқарушы» слеті өткізілді.
Жарысқа 5 аудан және Орал қаласынан барлығы 61 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жарыс бағдарламасына сәйкес «Визит карточкасы», «Қабырға газеті» байқаулары және «Өрт эстафетасы», «Алғашқы көмек көрсету», «Авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдандағы құтқару жұмыстары» қашықтықтары бойынша өткізілді.
Жарыстың қорытыдысына сай жалпы командалық есепте жүлделі орындар төмендегідей болды:
1 орын – Орал қаласы, №38 мектеп-лицейінің командасы;
2 орын – Ақсай қаласы, №3 ЖОББМ-нің командасы;
3 орын – Бәйтерек ауданының Володаров ЖОББМ-нің командасы.
Жеңімпаз командалар БҚО білім басқармасының грамоталары, медальдары, Кубоктарымен және БҚО төтенше жағдайлар департаментінің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!