2022 жылдың 24 сәуір күні «Балалар жылы» аясында үйірмешілік «Менің сүйікті – Оралым» экскурсиялық бағдарлау жарысы өтті.
Жарыс оқушылардың білімдерін, танымдық қасиеттерін арттыру, Орал қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерін танып білу мақсатында ұйымдастырылды.
Орталық үйірмешілерінен 21 команда қатысты. Экскурсиялық бағдарлау жарысы Орал қаласының орталық алаңында өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар «Тілсіз» карта арқылы алаңда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді тауып тест сұрақтарына жауап берді.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар белгіленді:
Кіші топ:
І орын – «Приуральевед» үйірмесі (жет.Ф.Сарсенгалиев);
ІІ орын – «Жас тұлға» үйірмесі (жет.Т.Ғайнеден).
Орта топ:
І орын – «Жігер» үйірмесі (жет. Д.Ибраев);
ІІ орын – «Руханият» үйірмесі (жет. Г.Ескалиева);
ІІІ орын – «Эдельвейс» үйірмесі (жет.К.Неталиева);
ІІІ орын – «Сокол -1» үйірмесі ( жет.Ж.Джумагазиев).
Жоғары топ
І орын – «КСиНТ» үйірмесі ( жет. С.Бисемалиев);
IІ орын –«Жас турист- өлкетанушылар» үйірмесі (жет. Р.Альмуханова);
ІІІ орын – «Атамекен» үйірмесі ( жет.М.Нәсіпқалиев);
ІІІ орын– «Болашақ 1» үйірмесі (жет. А. Мукашева).