30 сәуір күні «Музей белсенділері» үйірмешілеріне адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына орай «Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында ақпараттық кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш мақсаты: Чернобыль апатының тарихы, апаттың дүние жүзін қамтуы, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Кешімізге Чернобыль апатын жоюға қатысқан ҚР-ның Чернобыль ардагерлер одағының облыстық «Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Махметов Махсот Шукургалиевич пен Айткалиев Амангельды ағамыз қатысты.