Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастырумен П. Атоян атындағы стадионында "Айбын 2022" облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өткізілді. Жиын қатысушыларын құттықтау үшін БҚО әкімінің қорғаныс істері жөніндегі көмекшісі М.Ж. Мұқанов және белгілі альпинист, БҚО «Құрметті азаматы» М. Жұмаев қатысты.
Жиынға облыс аудандарының, Орал қаласы және кәсіби колледждерден барлығы 14 құрама команда қатысуда. Қатысушылар әскери-қолданбалы сайыстар мен түрлі байқауларда өз дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді. Жиын 29 сәуір күні "Еуразия" ТСК базасында қорытындыланады.