2022 жылдың 25 сәуірінен бастап «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясының су жорықтары жетекшілерін дайындау облыстық семинары басталды. Семинарға облыстың барлық аудандарының қосымша білім беру педагогтары қатысуда. Бүгін семинарға қатысушылар геоморфология, гидрология, метеорология, топография және геоботаниканы зерттей отырып, Орал бағыты бойынша Ақсуат (Теректі ауданы) – Орал қаласы су жорығына шықты. Семинар 29 сәуірде аяқталады, оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Семинар балалар мен жасөспірімдер туризмі саласында су жорықтарын ұйымдастыру үшін үлкен қолданбалы мәнге ие!