2022 жылдың 23 сәуір күні балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы үйірме оқушыларының көрмесі ашылды. «Әлем балалардың көзімен» атты балалар шығармашылығының көрмесі қалалық көрме залында өтуде, көрме 6 мамырға дейін жалғасады. Экспозицияда изо -туристік үйірме оқушыларының 100-ге жуық жұмыстары қойылған. Жетекшісі - қосымша білім беру педагогы С. В. Петченко. Сан түрлі техникада орындалған балалардың еңбектерінде туристік, өлкетану және экологиялық іс-шаралардың өзара байланыста болуының нәтижесінде қоршаған әлем мен табиғат сұлулығын қабылдау жақсы көрініс тапқан.