«Мұрагер» музейтану үйірмесінің (жетекшісі: Қ.Қайрлиева) «Табиғат және экология» музейінде «Табиғат таңғажайыбына саяхат» атты саяхат сабағы өтті. Дүниежүзілік жер күніне орайластырып өткізілген сабақта оқушылар карта арқылы түрлі кедергілерден өтіп, музей экспозициясына экскурсия жасады. Сабақта пәнаралық байланыс (туризм, өлкетану, экология, спорттық бағдарлау) кіріктіріле көрсетіліп, мөлтекфильм кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау (сұраққа жауап беру, экскурсия жасау, құс дауысын анықтау, жатқа өлең оқу, видео көру, пікір алмасу) арқылы мақсатына жетті. «Миға» шабуыл әдісі арқылы өткен сабақты пысықтап, тез жаңа сабаққа өтіп отырса, «Ақылдының алты қалпағы» әдісі арқылы сабақты талдап, өз-өздерін бағалады.