"Туған өлке білгірлері" тақырыбында ашық сабақ өтті

Сәуірдің 17 күні ОБЖТжЭО-да "Жас турист-өлкетанушылар" және "Жас өлкетанушылар" үйірме оқушыларының қатысуымен "Туған өлке білгірлері" тақырыбында ашық сабақ өтті. ҚББП Р.Алльмуханова.

Сабақтың мақсаты: Батыс Қазақстан облысы туралы мәлімет беру арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өңіріміздің мәдениетін құрметтеу, өлке мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында "Өлкеміз туралы біз не білеміз?" блиц-турнир, "Туған өлке білгірлері" квест- ойыны ұйымдастырылып, өлке тарихы туралы сұрактар қойылып, оқушылар сынға түсті. Қорытындысында оқушылар "Суретте құру" стратегиясы бойынша Орал қаласының тарихи ғимарат-ескерткіштерінің суреттерін атауларына сәйкестендірді.

Сабақ оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, еркін сөйлеуге дағдыландыру арқылы білімдерін толықтырды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"