⚘️⚘️⚘️19 наурыз күні БҚО білім басқармасының қолдауымен 16 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы Ұлыстың ұлы күніне орай облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастырумен "Самал" туристік лагерінде өткен "Наурыз-керуен " атты танымдық-мәдени шарасына қатысты. Шараның мақсаты - қазақ ұлттық ойындарын насихаттау, ұжымның бірлесіп табиғат аясында демалып,көңіл - көтеруіне ат салысу. Мектеп ұжымы үш командаға бөлініп, садақ ату, асық ойнау, ләңгі тебу, арқан тартыс сияқты ойындарда жарысқа түсті. Әр ойын қызықты да көңілді өтті. Наурыз-көже мен бауырсақтан дәм татып, әсем әндерімен шараның сәнін келтірді.