«Өлкетану және мектеп музейі қызметінің заманауи үрдістері» облыстық семинар ұйымдастырылды

«Өлкетану және мектеп музейі қызметінің заманауи үрдістері» тақырыбында 15-17 ақпан күндері аралығында облыстық мектеп музейінің жетекшілеріне, өлкетану бағытында жұмыстанатын педагогтарға арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыс бойынша 65 педагог қатысты.

Шараға Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Батыс Қазақстан облысы өлкетану музейі, М.Мәметова атындағы мемориалды музейінің білікті мамандары, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушылары, М. Өтемісұлы атындағы университеті мен Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің ғылым докторлары мен кандидаттары, Орал қаласының А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-і, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы, БҚО «Атамекен» балалар–жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қызметкерлері үздік іс-тәжірибиелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек берді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"