20 қарашада Нұр – Сұлтан қаласында «Жасыл кеңсе 2020» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының және ЕҚЫҰ-ның Нұр – Сұлтан қаласындағы және Орталық Азиядағы КӘЖ бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен конкурсты ұйымдастырушылар «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы».
Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты М.Д.Бопазов, ЕҚЫҰ-ның Нұр – Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы А.С.Соловьева, G-Global Халықаралық хатшылықтың жетекшісі С.Н.Нугербеков, экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры А.Р.Ширанов қатысты. Білім саласында «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы» МКҚК жеңімпаз атанды.
ОБЖТжЭО ұжымын жоғарғы марапатымен құттықтаймыз!!!