Вело туризмі техникасы бойынша өткізілген облыстық жарыстың қорытындысы туралы АҚПАРАТ

Білім басқармасының  2019 жылдың 21 мамырдағы №337 бұйрығының негізінде 2019 жылдың 19-21 маусым аралығында  Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылында велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ-2019» жарысы өткізілді. Жарысқа Орал қаласы, Жаңақала, Сырым, Тасқала, Қаратөбе аудандарының командаларынан басқа 9 команда (45 қатысушы) қатысты. Төрешілер құрамы Бөрлі, Ақжайық, Казталов аудандары командаларының дайындықтары жоғары деңгейде екендігін  атап  көрсетті.   Велосипед туризмі техникасынан өткен жарыс шеңберінде Сайхын -Орда – Қарасу – Бисен – Бөрлі - Искра - Новая Казанка - Жаңақала маршруты бойынша 312 километрден астам І қиындық категориялы вело жорық өтуде. Жорық  Бөкей Ордасы-Искра-Жаңақала ауданы аймақтарын қамтиды.

Жарыстың бағдарламасы «Мәнерлеп жүру», «Триал», «Велокросс», «Супервелл» қашықтығы және «Жорық туралы есеп», «Фотосурет» байқауын қамтыды.
Жеке қашықтықтар бойынша 3 велосипед техникасы түрінен белсенді көрінген қатысушылар:
-    Сахипкереева Диана (Бөрлі ауданының қатысушысы)
-    Стозуб Анастасия (Бәйтерек ауданының қатысушысы)
-    Жалмуканов Нүртілек (Казталов ауданының қатысушысы)
Жалпыкомандалық есепте:
I орын – Бөрлі ауданының командасы;
II орын – Ақжайық ауданының командасы;
III орын –Казталов ауданының командасы.

Жыл сайын өткізілетін осы шараның тиімділігін көтеруде кездесетін басты мәселе: аудандардың материалды-техникалық базасын нығайту. Осы жарыстың нәтижесінде оқушылар I дәрежелі қиындықтағы вело жорыққа қатысуға мүмкіндік алды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"