Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны

17-22 маусым аралығында Қарағанды облысы Спасск қаласында Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Облысымыздың намысын қорғаған «Жігер» әскери-патриоттық клубы әскери-патриоттық клубтар арасында жүлделі 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды!
Әскери патриоттық клубтар бойынша жиынға жалпы, 17 команда 255 қатысушы бағын сынады.

Өңіріміздің жас патриоттары жиын кезінде төмендегі әскери-қолданбалы спорт және байқаулар бойынша нәтижеге қол жеткізді. Олар:
1. Кермеде тартылу – 6 орын,
2. Арқаға жатып денені көтеру – 5 орын,
3. Толық емес бөлшектеу және толық бөлшектеуден кейін жинау – 5 орын,
4. Пневматикалық винтовкадан ату  – 5 орын,
5. Әскери кросс – 2 орын,
6. Газқағарды және плащ түрінде іскери қорғаныс жиынтығын кию – 1 орын,
7. Әскерилендірілген эстафета – 1 орын,
8. Арқан тарту – 1 орын,
9. Әскери-далалық тактикалық ойын – 3 орын,
10. «Айбын дауысы» ән байқауы – 6 орын,
11. «Менің роботым» робототехника бойынша байқау – 6 орын,
12. IQ – 6 орын,
12. «Бес тас» (асық ату ұлттық спорты бойынша) – 1 орын,
13. Ләңгі тебу (ұлттық спорт) – 2 орын. Жарайсыңдар, жас патриоттар! Жеңістеріңіз құтты болсын! П/с: 2018 жылы БҚО 2-орын иеленген болатын.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"