Валерий Грушин атындағы Бүкілрессейлік авторлық әндер фестивалі

ОБЖТжЭО-ң құрама командасы Валерий Грушин атындағы Бүкілресейлік авторлық әндер фестиваліне қатысты (Самара обл. РФ).Қатысушылар "Детская поющая республика" атты авторлық әндер мен орындаушылардың байқауында өнер көрсетті.Фестиваль 2019 жылдың 4-7 шілде аралығындаСамара облысының Мастрюков көлі жағасында өткізілді.

Фестиваль қорытындысы бойынша лауреат атағын «Элита»  ансамбілі иеленді (жет.Куаналиева М.С.). Фестивальдің дипломанттары: Хамзина Айшат, Каримолла Карлыгаш, Шагирова Эльза, Бейсов Дияс (жет.Куаналиева М.С.), Мухитов Мансур, ансамбль «Байтерек» және «Мечта» (жет.Гумаров З.), Старостин Даниил, Талапов Буркит (жет.Ефремова О.).

Валерий Грушин атындағы Бүкілрессейлік  авторлық әндер фестивалінің "Детская поющая республика" байқауында Ресей Федерациясының әр аймағынан және шетелдерден 400 қатысушы қатысты.

Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақтың мәдениет деңгейін қалыптастыру және арттыру үшін жағдай жасау; "авторлық ән" жанрында балалар-жасөспірімдер, жастар шығармашылығын дамыту; көркемөнерпаздар (авторлық) әндерінің клубтары мен шығармашылық бірлестіктері арасындағы өңіраралық байланыстарды нығайту; Валерий Грушин атындағы XLVI Бүкілресейлік авторлық ән фестиваліне қатысушы балалар мен жастар арасында талантты авторлар мен орындаушыларды анықтау және көтермелеу болып табылады.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"