Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасын өткізеді.
Облыстық деңгейде күзгі туриадасы ағымдағы жылдың 6-9 қазан күндері аралығында өткізіледі. Туриадаға жалпы орта білім беретін мектептердің 6-9 сынып оқушылары, туризм орталығының үйірмешілері (жасы жарыс кезінде 13-15 жас (2005 – 2007ж.ж) қатыса алады. Команда құрамасы 4 қатысушыдан (3 ер бала + 1 қыз бала) тұрады.
«Жеке» қашықтығының кезеңдері:
- Жұмар арқылы көтерілу, өз жібімен белгілі әдіс қолдану арқылы түсу
- Төрешілік бос тартылған аспалы өткелін құрып өту, бастапқы күйінде қалдыру.
- Өткелдер каскадынан өту: аспалы өткел, көбелек өткелі, қиғаш тартылған өткел, бос тартылған паралельді өткел
«Жеке» қашықтықтың нәтижелері ұлдар, қыздар арасында бөлек есептеледі және жалпы командалық орын шығарылады. Қашықтық бойынша қыздар, ұлдар арасында үш жүлделі орын тағайындалады.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, кубоктарымен, медальдарымен марапатталады.