16 шілде күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы 2010 жылғы қыздар арасында өткізілген облыстық "Былғары доп" турнирінің жеңімпаздары - Ақжайық ауданының "Бітік МБК" командасымен кездесу өткізді. Кездесу барысында орталықтың директоры В.П.Фомин республикалық кезеңге қатысатын аталған команданың әр қатысушысына футбол формасын сыйға тартты. Республикалық турнирге алғаш рет 1 мектептен шыққан 3 сынып қыздарынан құралған құрама командасына жылы лебіздер айтылып, команда жолға аттанды.