РФ, Челябинскде өткізілген туристік слет.

3-10 тамыз күндері аралығында Ресей Федерациясы, Челябинск облысы, Миасс қаласының «Тургояк» шатырлы лагерінде бүкілресейлік туристік слет өткізілді.
Еліміздің намысын қорғап Неталиева Камшат Едрисқызының жетекшілігімен бастаған жасөспірімдер тобы «Батыс-West»  құрама командасы барып келді. Жарыста жалпы саны 21 команда қатынасты.

Бағдарламаға сай 4 күнге созылған кросс-жорық қашықтығы және де түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесіне сай «алғашқы медициналық көмек» байқауынан жүлделі – 2 орын, «штурман» байқауы – 6 орын, «жіп байлау» байқауы – 6 орын, су туризм техникасы қашықтығы бойынша – 1 орын. Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"