Аймақаралық «Қазақстанның жеті кереметі» туристік – өлкетанулық экспедициясының анонсы

2019 жылдың 22-30 тамыз аралығында  Орал қ. –  Нұр-Сұлтан қ. – Семей қ.– Орал қ. маршруты бойынша Аймақаралық «Қазақстанның жеті кереметі» туристік – өлкетанулық экспедициясы ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар:

  • Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы.
  • Семей қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің облыстық балалар биологиялық  орталығы.

Мақсаты:  ұлттық бірегейлікті сақтауда жас ұрпақты азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығы қарсаныңда ұлы тұлғаның тағылымын жастардың санасына сіңіру, ой-толғамдарын, өлеңдерін кеңінен дәріптеу.
Экспедицияға қатысушылар: Экспедицияға облыстық балалар мен  жасөспірімдердің туризм және экология орталығы өлкетану бөлімінің 2019 жылы өткізген облыстық «Жайық толқыны» фестивалінің бас жүлде  иегерлері мен орталықтың өлкетану үйірмесінің жеңімпаз оқушылары қатысады.
Оқушылар әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлерінің отаны болған Семей қаласының тарихымен,  ұлы ақын Абай Құнанбаев, кемеңгер философ Шәкәрім Құдайбердиев, әлемдік әдебиет қайраткері Мұхтар Әуезов және Алаш Орда партиясының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолдары, еңбектері, айтулы туындыларымен танысады.

Экспедиция бағдарламасы:
25.08.2019   
08.00- 09.00      – Семей қаласының  тарихымен танысу;
– Семей  қалалық балалар биологиялық орталығына экскурсия; 
– зообақты тамашалау.
10.00-13. 00 – Абай атындағы әмбебап кітапханасына,  
Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық және  тарихи- 
өлкетану музейіне экскурсия;  
20.00-22.00 –  Семей қаласының тарихымен, түнгі Семей қаласы және      
«Аспалы көпірді» тамашалау;
26.08.2019
13.00 -19.00 –  Жидебай қорық алқабына  (Абайдың мемлекеттік  
тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі)    
экскурсия, мұрағат қорынан материалдар жинақтау; 
21.00 - 22.30 – Кешкі экскурсия;
27.08.2018
09.00 -13.00 – Жауынгер-ауғандықтарға арналған  және Қайрат Рысқұлбеков  
ескерткіштеріне, «Өлімнен де күшті» монументіне экскурсия; 
14.00-16.00  –  «Бейбітшілік» монументіне тағзым ету;
16.00-19.00 –  жолға шығу.
Күтілетін нәтиже: Жинақтаған материалдарын облыстық «Балалар Даму Академиясы» конференциясында және республикалық «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық отрядтарының слетінде іздестіру-зерттеу жұмысы ретінде ұсынады. 
Анықтаманы төмендегі мекен-жайдан алуға болады: Орал қаласы, Исатай батыр көшесі 71/1, Облыстық балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, тел/факс (8-7112) 52-58-87; 52-59-42 E-mail: evrasia_ Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"