Облыстық тамыз кеңесінің туристік-өлкетану және экологиялық бағыттағы секциялық отырысының қорытындысы

2019 жылдың 22 тамызында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында «Заманауи білім беру саясаты контекстіндегі қосымша білім берудің даму тенденциялары мен перспективалары» секциялық отырысы өтті. Отырысқа қосымша білім беру саласындағы туристік-өлкетану және экологиялық бағытында жетекшілік ететін әдіскерлер, педагогтар, балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталықтары мен жас туристер станцияларының басшылары қатысты. Қатысушылар саны - 93.

3DX форматында өткізілген отырыстың скиперлері - Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ж.К.Сұлтан, музей ісінің ардагері С.Е.Танабаева, «DANAQaz» республикалық тарихи-танымдық журналының редакторы, өлкетанушы, журналист Н.Н.Сафуллин, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының орынбасары Г.З.Усағалиева болса, МДЖОТжКББҰ ООӘК арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің әдіскері Сабирова Айнұр Асқарқызы модераторы болды.

Секция жұмысына қатысушылары скиперлер Ж.Сұлтанның  «Қаратөбе ауданында туристік – өлкетану қызметінің дамуы» атты баяндауы арқылы Қаратөбе ауданының жас туристтерінің жұмыс нәтижелерімен таныстырып қана қоймай алға қойған жаңа мақсаттарымен бөлісті. Аудан көлемінде жасалған өлкетанулық экспедициялар, жорықтар арқылы өз елін сүйетін жас ұрпақты ғана тәрбиелеп қана қоймай, аудан халқын да таныстыруды қолға алу керектігін баса назарға алатындықтарын, ол үшін  инфрақұрылымдарды жақсарту қажеттілігін, С.Танабаева мектеп музейлерінің ролі мен оны жандандырудың жаңа тәсілдері мен сақтау жұмысына баса назар аудару қажеттігін баяндаса, өлкетанушы Н.Сафуллин өлкетану оқулықтарымен таныстыра отырып, зерттеу, жинақтау жұмыстарының қыр-сырын ұсынды. Ал, Г.Усағалиева облысымыздағы туристік-өлкетану қызметіне шолу жасап, жаңа оқу жылында жасалатын жұмыстарға тоқталды және барлық ұстаздар қауымын 28 тамызда мұғалімдер арасында жорық түрінде өткізілетін «Туған өлкем – Орал өңірі» семинар –практикумына қатысуға шақырды.
Отырыс соңында 2018-2019 оқу жылының қорытынды бойынша туристік-өлкетану қызметі бойынша орын алған (1 орын – Бәйтерек АЖТС, 2 орын – Ақжайық АБЖТО, 3 орын - Бөрлі АЖТС) ұжымдары марапатталды.
Секциялық отырыстың екінші бөлімінде «Құт қонған, киелі Қаратөбе!» атты жаяу танымдық және М.Мерәліұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне  экскурсия өткізіліп, соңынан квест ойыны арқылы берілген теориялық білімді, практикалық негізде пысықталды. Секциялық отырыс қорытындыланып, ұсынбалар қабылдады.
Нәтижесінде, қосымша білім беру туристік-өлкетану және экология бағытындағы педагогтар жаңа оқу жылына жаңа шабыт, бағыт – бағдар алды!

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"