Баянауылда өткен туристік слет

Баянауылда өткен туристік слет

Жастар жылына арналған Қазақстан және ТМД туристері достығының «Ертіс меридианы-2019» атты XXXI республикалық слеті өткізілді. Слеттің мақсаты:
-    салауатты өмір салтын сақтау, спорттық туризмді дамыту және насихаттау;
-    өңіраралық байланысты, интернационалдық достық пен патриоттық тәрбиені нығайту;
-    табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеу.

Слет 21-24 тамыз күндері аралығында Павлодар қаласы Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи саябағында өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан жалпы саны 13 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде:

  • «су өткелдері» қашықтығы – 1 орын;
  • «туристік кедергілер» қашықтығы – 1 орын;
  • «эстафета» қашықтығы – 3 орын;
  • «кросс жорық» қашықтығы – 3 орын;
  • «бард әндерін орындау» байқауы – 9 орын;
  • «туристік фотосурет» байқауы бойынша – 5 орын.

Жалпыкомандалық есепте:

  • 1 орын – Қарағанды қаласы (Созвездье командасы);
  • 2 орын – Павлодар қаласы (Павлодар командасы);
  • 3 орын – Астана қаласы (Жігер командасы);
  • 4 орын – Батыс Қазақстан облысы (Батыс-West командасы).

Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"