Халықаралық туризм күніне XXII «Европа-Азия» туристік фестивалінің анонсы

Халықаралық туризм күніне XXII «Европа-Азия» туристік фестивалінің анонсы

XXII  «Европа-Азия» туристік фестивалінің мақсаты:

  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау;
  • Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
  • білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибе  жинақтау  және  насихаттау.

1. Өтетін орны мен уақыты
Фестиваль  2019 жылдың 17-20 қыркүйек аралығында Орал қаласы, «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде өтеді. Командалардың келуі: 17 қыркүйек сағ. 14.00 дейін.
2. Фестивалге қатысушылар

Фестивалға ЖОО –ның мұғалімдері, колледждар, мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, Орал қаласының,облыстық, республикалық және басқа аймақтардан білім беру қызметкерлері қатыса алады. Жалпы  команда құрамы - 9 адамнан  кем емес  (команданың негізгі құрамы 4 ер + 2 әйел, 1 қосымша қатысушы, 1 төреші, 1 команда өкілі).

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"